Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Атбұлақ жанындағы интернаты бар ЖОББМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің

МЕНЮ

ww 

 

Атбұлақ мектебінің тарихы 

         1924 жылы СССР Халық ағарту  комиссариаты бүкіл  ел бойынша сауатсыздықты жоюдың шаралары туралы» қаулы қабылданды. Сол қаулыға сәйкес 1925 жылдың басында Қазығұрт ауылдық кеңесінің орталығы әpi жан-жақтағы елді-мекендер арасында ең үлкен болып есептелетін №1-ші ауыл — Атбұлақта жасына қарамай оқу-жазу үйрететін «Қызыл Отау» ашылады. Сол кездегі Атбұлақ сияқты ауылдар ушін «Қызыл Отау» бүгінгі мектептің алғашқы баспалдағы саналады. Ауылдағы «Қызыл Отаудың» жетекшісі әpi жалғыз мұғалімі Құрамысов деген кісі болған.

       1928  жылы Қазақ автономиялық  советтік социалистік  республикасы  Оқу-ағарту комиссариатының бұйрығы негізінде жер-жердегі үлкен ауылдарда екі жылдық мектептер ашыла бастайды. 1929 жылы Атбұлақ колхозы құрылған кезде ауыл орталығынан екі жылдық мектеп те ашылады. Алгашқы мұғалімдері Тайманов пен Жүрсінов. Оқушылар саны 11 кісіге жеткен.

         1930 Жылы ол үш жылдық мектепке айналдырылады. Атбұлақ мектебіне Қарақия, Талдыбұлақ,Ұйымшыл ауылдарының балалары қатынап оқиды. Бiрақ 1931-33 жылдары ашаршылыққа байланысты мектеп уақытша тоқтатылады. 1934 жылдың басында мектеп жұмысын қайта бастайды. Бұл уақытта кімдердің және қанша адамның мұғалім болғаны белгісіз. 1935 және 1936 жылдары үш жылдық мектептің оқушылары төртінші класты аттап өтіп, бесінші жане алтыншы кластарды оқиды. Ал 1936 жылдың күзіне таман Оқу- ағарту комиссариатының «Жалпыға бірдей жеті жылдық мектепте оқу міндеттемесі» қаулысына орай Атбұлақ мектебі жеті жылдық оқу тәртібіне көшіріледі. Сол жылы бесінші-алтыншы кластарда оқитын 15 түлек бірден жетінші класса көшіріледі жане 1937 жылдың маусым айында жеті жылдық мектепті бітірген деген куәлік алады. Атбұлақ мектебі 1962 жылы 8 кластық жүйеге, 1976 жылы 10 жылдық, 1990 жылы 11 кластық оқу орнына айналды.

          Мектеп жанында шопандардың және шалғайда тұратын азаматтардың балалары үшін 1986 жылы интернат ұйымдастырылды. 1989 жылы 102 орындық екі қабатты интернат үйі бой көтерді. Нарық қыспағы, бюджет тапшылығынан интернат 1996 жылы  жабылып қалды. Алайда 5 шақырым 5 елді мекеннен қатынап оқитын 75 балаға жағдай жасалып,  2001  жылдан  50 балаға  интернат  қайта ашылды.

2000 жылы қарашаның екісі күні Қазығұрт ауданы әкімдігінің №102 шешіміне сай Атбұлақ орта мектебі  «Жамбыл Қаппаров атындағы орта мектеп»  мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

          «Жамбыл Қаппаров атындағы орта мектебі дарынды балаларға арналған №5 мамандандырылған  физика  математикалық»  меммлекеттік мекемесіне ауысуына байланысты 2007 жылғы 28 қараша күнгі №479 Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысымен  Атбұлақ жанындағы интернаты бар орта мектеп мемлекеттік мекемесі құрылды

© 2025 «Атбұлақ жанындағы интернаты бар ЖОББМ» КММ Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің